Қызылордада кеше өткен 1 кент және 10 ауыл әкімдерін сайлау қорытындысы бойынша бүгін Жаңақорған кенті мен осы аудандағы Аққорған, Екпінді, Қосүйеңкі және Өзгент ауылдық округтері әкімдері белгілі болды.

Шиелі ауданында Бәйгеқұм, ал Сырдария ауданында С.Сейфуллин ауылдық округтерін сайлаушылар даусын көп жинаған азаматтар басқаруға кірісті.
Қызылорда қаласындағы Қосшыңырау, Қармақшыдағы Жаңажол және Арал ауданындағы Бекбауыл мен Аралқұм ауылдық округтері әкімдері де кешегі дауыс беру қорытындысымен сайланып отыр.