Аймақтар 15 Сәуір, 2025

Ғашықтар күнінде 22 жұп некелесті

0 рет
көрсетілді

15 сәуір – Ғашықтар күні   Ақтөбеде  22 жұп шаңырақ көтерді деп хабарлайды Egemen.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясының АХАТ бөлімдерінің дерегіне қарағанда, осы жылдың бірінші тоқсанында Ақтөбе облысында 1045 неке тіркелсе, оның басым бөлігі облыс орталығы және  Мұғалжар, Хромтау, Шалқар аудандарының тұрғындары.

Азаматтар   неке қиюға өтінішті АХАТ бөлімдері, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы бере алады. Жолданған өтінішті мемлекеттік органдар   бір жұмыс аптасы ішінде қарайды. Неке қию рәсімі 15 күннен кейін таңдалған АХАТ бөлімінде өткізіледі. Егер  неке қию  салтанаты  демалыс немесе мереке  күндеріне  тұспа-тұс келген жағдайда,   рәсім келесі жұмыс күніне ауыстырылады.