Өнер 17 Сәуір, 2025

Димаш Құдайберген жақын күндері Алматыға келетінін айтты

0 рет
көрсетілді

Әлемге аты танылған әнші Димаш Құдайберген жақында Stranger концерті еліміздің кинотеатрларынан көрсетіле бастайтынын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

- Құрметті достар! 27 мамырда Қазақстанның барлық кинотеатрларында STRANGER жеке концертімнің премьерасы өтеді! Бұл күні мен де сіздермен бірге тамашалаймын! Жақында Алматыда кездескенше, Dears, - деп жазды ол желіде.

Бұл жаңалықты әнсүйер қауымы қуана қабылдады.

Бұған дейін хабарланғандай, 26 мамырда Almaty Astana стадионында қазақстандық әнші "D and Dears" фан-кездесуін өткізеді. Аталған іс-шара Димаштың туған күніне орайластырылған.