• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Маусым, 2015

Көп жағдай емделушінің өзіне тікелей байланысты

327 рет
көрсетілді

* 21 маусым – Медицина қызметкері күні

Денсаулық – адам үшін асыл байлық

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ – БІЗДІҢ ТАБЫСТЫ БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ НЕГІЗІ

Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақ мерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз. Негізгі басымдықтар: *Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету. *Аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету.

Н.НАЗАРБАЕВ

«Қазақстан-2050» Стратегиясынан.

Көп жағдай емделушінің өзіне тікелей байланысты

Бүгінде Жамбыл облысы халқының денсаулығы үшін 42 аурухана, соның ішінде 10 орталық аудандық аурухана және 7 ауылдық аурухана, сондай-ақ, 377 амбулаториялық емхана қызмет көрсетеді. Әрине, денсаулық сақтау саласының негізгі бағыттарының бірі – тұрғындардың орташа өмір сүру жасын ұлғайту екені анық. 2014 жылы тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы өсіп,  69,6-ны құрады. – Сондықтан бүгінгі күні ден­саулық сақтау саласындағы ең ба­сымды бағыттардың бірі – ана мен баланың денсаулығын қорғау болып табылады, – дейді Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Маса­лимов. – 2015 жылдың 4 айы­н­да аналар өлімі­нің көрсеткіші 47,5 пайызға төмен­деді. Қазір облыс халқына меди­циналық көмекті 2751 дәрігер және 9834 орта буын қызметкерлері көр­сетуде. Сондай-ақ, жылдан-жылға жас мамандар саны да өсуде. Өткен жылы облысқа 121 жас маман келсе, оның 73,6 пайызы ауылдық жерлерге жұмысқа орналастырылды. – Өңірлерде медицина сала­сы­ның құрылыстары бір сәт те бә­­сең­сіген емес. Осы бағыттағы жұ­­мыс­тарды бір нақтылай кетсек. – 2014 жылы жергілікті бюджеттен құны – 1 301,3 млн. тең­гені құрайтын 25 нысанның құры­­лысы жүргізілді. Оның ішінде 7 дәрі­герлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және 17 меди­ци­налық пункт бар. Ал биыл жобадан тыс республикалық бюджет есебінен Тараз қаласындағы 300 төсектік қалалық көпсалалы аурухана, 200 төсектік облыстық перинаталдық орталығы және Талас ауданы Қаратау қаласындағы 250 келушіге арналған аудандық орталық емхана құрылыстары жүргізілуде. Алғашқы екі құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың екін­ші жартыжылдығында аяқта­лады. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 707,3 млн. теңгеге Байзақ ауданындағы 60 төсектік туберкулезге қарсы аурухана құрылысы жүргізілуде. Бұл құрылыс та осы жылдың қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде. Жалпы алғанда, республикалық және жергілікті бюджет есебінен 2010-2014 жылдары аралығында 74 денсаулық сақтау нысанының құрылысы іске асырылды. – Қазір елімізде «Ұлттық скри­нингтік бағдарлама» деп ата­латын жаңа жүйе жұмыс жасап жатыр. Бір сөзбен айтқанда, скри­нинг – бұл белгілі бір жас­тағы дені сау адамдарды профи­лак­тикалық медициналық тексері­луден өткізу... – Иә, ойы­ңызды түсіндім. Біздің елде тұр­ғын­дар тұрғылықты мекенжайлары бойынша өздері тіркелген медициналық ұйымдарда скри­нинг­тік тексерілуден тегін өткізіледі. Мәселен, Қазақстанда бүгінде қатер­­лі ісікпен ауыратын 145 мыңға жуық адам тіркелген және жыл сайын бұл көрсеткіш шамамен 3-4 пайыз­ға өсіп отырғаны жасырын емес. Скри­нингтік тексерілуден өту арқылы онкосырқаттардың алдын алуға болады. Мамандардың айтуынша, Қазақстанда жыл сайын өкпе рагымен ауыратын 350-ге жуық адамға операция жасалады екен, яғни науқасы бастапқы сатыда анықталған адамдардың 5 пайызына ғана ота жасалған. Тұрғындардың ел экономикасының өсуімен қатар, денсаулық сақ­тау жүйесінің нығаюын, ал меди­ци­налық қызметтердің мейлінше қол­жетімді әрі сапалы болуын қа­лай­тыны анық. Бұл ретте біз де қоғам болып, мемлекет болып осы міндетті шешу бағытында жұмыс іс­теуге тиіспіз. Өйткені, халық­тың ден­саулығы – еліміздің басты бай­лығы. Ал, осы байлықтың жақсаруы, ең алдымен, әр адамның өзіне байланысты. Денсаулық сақтау сала­сын, дәрігерлердің біліктілігін қанша көтергенімізбен, халық ден­сау­лы­ғы­ның жақсаруы осы нәрсеге кеп тіреледі. Сондықтан кез келген ауру­дың алдын алу, жүйелі түрде өз ден­саулығын тексертіп тұру, саламат­ты өмір сүру – бүгінгі әрбір азамат­тың өмір сүру қалыбына айналуы тиіс. Әңгімелескен Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан». Жамбыл облысы.