• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2015

Елден қуылды

258 рет
көрсетілді

Ел аумағына кіріп, көші-қон заңдылығын бұзған қытайлық азаматтар шығарылатын болды. Белгілі болғанындай, қытайлық 38 адам Қазақстанға «іскерлік» визасымен «ВСП» серіктестігіне кеңес беру қызметін көрсету үшін келіпті. Алайда, Атырау қаласына келгеннен кейін шетелдіктер белгіленген заңға сәйкес ішкі істер органына уақытша тірке­луге тұрмаған. Сөйтіп, Қазақ­стан Республикасына келу заңдылығын бұзған Қытай азаматтарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданған болатын. Сот оты­рысының нәтижесі бойынша «Сотта Қытай Халық Респуб­ликасының 38 азаматы өзде­рінің кінәларын толықтай мо­йындады. Енді олар маман­дандырылған әкімшілік со­т­тың қаулысына сәйкес 5 тәулік­тің ішінде Қазақстан Респуб­ликасының аумағынан шығып кетулері тиіс», деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.