АСТАНА. 19 ақпан. «Екібастұз ГРЭС-1» кәсіпорнының жұмысшылары Президентке үндеу жолдады. Бұл туралы pavlodarnews.kz тілшісі хабарлады. Елбасына жолданған хатта Болат Нұржанов атындағы станса қызметкерлерінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің республика президенті сайлауын өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдіретіндерін жеткізді. Бүгінде мыңнан астам азамат еңбек ететін кәсіпорын ұжымы өз үндеуінде әлемдегі күрделі қаржы-экономикалық ахуал жағдайында біздің елімізде дамудың дағдарысқа қарсы айқын жоспары – «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты бар екені атап көрсеткен. Үндеуге барлығы 1211 адам қол қойған. Мұрат Айтқожа.
•
19 Ақпан, 2015
Екібастұз энергетиктері Президентке үндеу жолдады
277 рет
көрсетілді