• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2015

Ақтөбеде «Нұр Отан» филиалы төрағасының орынбасары тағайындалды

328 рет
көрсетілді

АСТАНА. 19 ақпан. Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл туралы партия баспасөз қызметінің ақпарына сүйенген «Диапазон» хабарлады. «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Мәди Елеусізов тағайындалды», - делінген баспасөз парақшасында. М.Елеусізов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист, ал Ресей кеден академиясын заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Ақтөбе облысы Шалқар қаласында «Южбозой» акционерлік қоғамында экономист болып бастады. Осыдан кейінгі жылдары облыстық кедендік бақылау басқармасында инспектор, бөлім меңгерушісі, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары болды. 2010 жылдан Ақтөбе облысы Мәртөк ауданын басқарып келді. Мұрат Айтқожа.