• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2015

Ақтөбеде айыппұлдарды өтеуге арналған автошеру өткізілді

249 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 24 маусым. Ақтөбеде қалалық прокуратура мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен айыппұлдарды өтеуге арналған автошеру өткізілді. Оның мақсаты — қала тұрғындарын әкімшілік айыппұлдарды өтеуге шақыру. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратынан басталған шеруге белсенді жастар қатысып, шаһардың орталық көшелерінде заңды бұзбауға үндейтін парақшаларды таратты және тұрғындарға ауызша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың кеңесшісі Олжас Омаровтың айтуынша: «Бүгін қарызыңды тапсыр!» автошеруіне 50-ге жуық жас тартылған. Бір қуантарлығы, олардың барлығы өз қалауымен келіп, белсенділік танытқан. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.