2015 жылғы 20 наурыз, Алматы қаласы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 291 қаулысының күні жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу туралы» 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 291 қаулысының күні жойылды деп танылсын.
2. Зерттеулер және стратегиялық талдау департаменті (Бобеев М.С.):
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2015 жылғы 12 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
Ұлттық банк Төрағасы Қ.Келімбетов.
Дұрыс:
Бас маман - ҚРҰБ Басқармасының хатшысы А.Дупленко