• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат 17 Желтоқсан, 2025

Ыстанбұл жоспары: ұсынымдар пысықталады

20 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында Экономикалық ынты­мақтастық және даму ұйы­мының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстанбұл жоспарына сәйкес мониторинг жүргізудің 5-раунды аясында атқарылған жұмыстар талқыланды.

Отырыста Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төр-а­ғасы Дархан Жазықбай, Бас прокурор Берік Асылов, Қаржы министрі Мәди Тәкиев, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев баян­дама жасады.

Уәкілетті органдардың өкіл­дері халықаралық озық тәжіри­белерді енгізу арқылы еліміздің құқық қолдану тәжірибесін же­тілдіру бағытында қабыл­данып жатқан шаралар туралы баяндады.

Қазіргі таңда сыбайлас жем­қорлыққа қарсы ұлттық заңна­маны жетілдіруге бағытталған заң жобасы Парламент Мәжі­лісінің қарауына енгізілді.

Жиын соңында Ерлан Қарин сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес жөніндегі Ыстанбұл жоспары аясындағы ұсынымдарды жан-жақты пы­сықтау маңызды екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар