АСТАНА. 11 мамыр. Ресейлік Сергей Попов пен Карен Шахназаровтың жазушы Эммануил Казакевичтің повесі бойынша Жеңіс мейрамы құрметіне кеңестік кино роуд-муви рухында түсірілген «Берлинге барар жол» фильмі прокатқа жол тартты. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.
Немістерден қорыққан лейтенант Огарков жауынгерлік тапсырманы орындай алмай қайтады да, ату жазасына кесіледі. Оны армия штабына қатардағы жауынгер, үндемес қазақ солдаты Жорабаев айдап апарады. Түпкілікті трибуналға жеткенге дейін бұл екеуіне жолай майдан шебін қиып өтіп, қоршаудан шығуға, ақыр соңында бір-біріне деген жеккөрінішті көзқарасты қайта қарауға тура келеді.
«Берлинге барар жол» лентасының сюжеті бұған дейін «Жұлдыз» повесі бойынша екі рет кино түсірілген Эммануил Казакевичтің «Даладағы екеу» повесі мен Константин Симонов күнделіктерінің фрагменттері бойынша түзілген. Айтқандай, жазушы Борис Васильевтің «Ал мұнда тап деген тып-тыныш» («А зори здесь тихие») повесінің жақында тағы қайталанып түсірілуі әдеби мәнбенің көрерменге экраннан нені көре алатынына жүз пайыз кепілдік бере алмайтынын, оның қазіргі таңда уақыт тезінен өтіп келген мәтінді автордың қай қырынан көре білгеніне байланысты болып шығатынын айғақтап берді. Алайда, сериалдар режиссері болып маманданған Сергей Попов қойған, ал титр бойынша Карен Шахназаров көркемдік жетекші міндетін атқарған «Берлинге барар жол» повесінің экрандық көшірмесі оның түпнұсқадан аса көп ауытқып кетпегенін көрсетті.
Авторлар мәтінге ғана құрметпен қарап қоя салмай, оның интонациясы мен ырғағын да сол қалпында сақтап қалуға тырысқан. Осылайша кеңес заманынан бергі әскери киноклассиканың қағидаларына беріктігін көрсеткен.
Қайрат Құлымбет.
Дерек, сурет: Lenta.ru.