• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Желтоқсан, 2025

Мереке күндері ХҚКО-лар жұмыс істей ме?

30 рет
көрсетілді

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы жаңа жыл мерекесіне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Корпорация мәліметінше, 2026 жылдың 1–2 қаңтары мен 7 қаңтар күні халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары (МХҚКО) толық жұмыс істемейді.

«3 қаңтар, сенбі күні, кезекші ХҚКО мен МХҚКО үшін жұмыс күні болып есептеледі. Азаматтарды қабылдау 09:00-ден 13:00-ге дейін жүзеге асырылады», делінген корпорация таратқан хабарламада.

5–6 қаңтар жұмыс күні болғандықтан ХҚКО мен МХҚКО әдеттегі жұмыс кестесі бойынша 09:00-ден 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар