2025 жылы Астана қаласында теміржол бойында 77 адам түрлі жарақат алып, оның жартысына жуығы қайтыс болды. Тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін ескермей, жолды қысқарту үшін рельстерді рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі қайғылы жағдайлардың басты себебіне айналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жеңіл көлік пен жүк пойызы соқтығысып, 5 адам жарақат алған
Тәртіп сақшылары 2025 жылы жағдайды түзету мақсатында 27 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізген. Соған қарамастан, теміржол бойындағы құқық бұзушылықтар тыйылмай тұр. Полиция азаматтарды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға және теміржол нысандарында бекітілген ережелерді қатаң сақтауға шақырады.Мойынты – Шығанақ учаскесінде 4 теміржолшыны жүк пойызы басып кетті