Әлемдегі ең қымбат аукциондық кітап рекорды «Bay Psalm Book»-қа тиесілі. Бұл – Забурге қатысты діни кітап. Мұны исламда Дәуіт пайғамбармен байланыстырады.
Бұл кітап 2013 жылғы 26 қарашада Нью-Йорктегі «Sotheby’s» аукционында 14 165 000 долларға сатылып, баспа кітаптары ішінде аукциондағы ең жоғары бағаны көрсетті. Бағасының шарықтау себебі де бар. Аталған кітап 1640 жылы қазіргі АҚШ аумағында басылған алғашқы кітап саналады. Бастапқыда 1700 дана ғана шыққан, ал бүгінге 11 данаға жуық көшірмесі жеткен.