• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 16:12

Тері өңдеу зауыттарына 10 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады

0 рет
көрсетілді

Елімізде жүн мен мал терісін өңдеу саласының өндірістік қуаты қайта қалпына келтіріле бастады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, саладағы кәсіпорындар кезең-кезеңімен жаңғыртылып жатыр. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында жылына 2 мың тоннадан астам жүн өңдейтін жоба іске қосылды. Ал Ақмола облысында қуаты шамамен 2,5 мың тоннаны құрайтын мал азығына арналған қоспалар өндіретін кәсіпорын жұмысын бастады.

Қой жүнінен – құрылыс материалы

Сонымен қатар жүн мен теріні өңдеуге бағытталған тағы сегіз инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың жалпы құны 10 млрд теңгеге жуық. Бұл жобалар іске қосылған жағдайда өңдеу қуаты қосымша бір миллион тоннадан асады деп күтіліп отыр.

Тері мен жүн экспортына кедендік баж салығы салынбайды

Мамандардың айтуынша, бұл бастамалар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға және мал шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыруға мүмкіндік береді.

Мақта-тоқыма кластері: Жаңа индустриялық кезең

     
Соңғы жаңалықтар