АСТАНА. 26 наурыз. Наурыз айының соңғы күндерінде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы күрт суытып, аяз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Синоптиктердің болжауынша, 28-29 наурыз күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарында ауа температурасы 15-20 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде 25 градус аяз болуы мүмкін.
Ал 29-30 наурызда Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында күшті жел соғып, -3-8 градус шамасында аяз болады деп күтілуде. Солтүстік-шығыстан соққан желдің күші секундына 18-23 метрге дейін жетеді. Тіпті таулы аймақтарда жел 30 м/с жылдамдықпен соғады деп болжануда.
Еламан Қоңыр.
Дерек: «Қазгидромет».
Сурет: mail.ru.