• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң мен Тәртіп Бүгін, 11:50

Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

10 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне аудан аумағында есірткінің заңсыз сақталуы туралы жедел ақпарат түскен. Құзырлы орган хабарламаны тексеріп, аталған мекенжайда есірткі сақтаған тұрғынды ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жер үй мен оның іргелес аумағын тексеру кезінде шаруашылық құрылыстарының бірінен жасырын орын анықталды.

Полиция қызметкерлері бастырма астындағы ас үй орындығының ішінен үш полимерлі пакетті тапқан. Пакеттердің ішінде ерекше иісі бар, қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес зат болған. Сонымен қатар басқа үй-жайдан есірткіні қолдануға арналған құрылғылар табылып, тәркіленген.

Қарағандыда есірткі таратқан кәсіпкер сотталды

«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,7 келіден асатын кептірілген марихуана екені белгілі болды. Бұл көрсеткіш есірткі заттарының аса ірі мөлшеріне жатады», делінген Ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада.

Алматыда жасырылған есірткі зертханасы әшкереленді

 

Соңғы жаңалықтар