• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:53

Балқашта алғаш рет қысқы балық аулау фестивалі өтті

0 рет
көрсетілді

Жетісу облысы аумағында туризмді дамыту аясында Балқаш көлі жағалауында алғаш рет «Balkhash Winter Fishing – 2026» қысқы балық аулау фестивалі өтті. Шараға Астана, Алматы, Өскемен, Талдықорған қалаларынан келген әуесқой балықшылармен қатар Үндістан мен Якутиядан арнайы шақырылған тревел-блогерлер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фестиваль облыстық туризм басқармасы, «Visit Zhetysu» туристік ақпараттық орталығы және Сарқан ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – Балқашты тек жазғы демалыс орны емес, жыл бойы келуге болатын туристік бағыт ретінде таныту және қысқы туризм әлеуетін арттыру. Сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне де басымдық берілді.

Өскеменде заңсыз ауланған 4 тоннадан астам балық тәркіленді

Қатысушылар мұз үстінде төрт сағат бойы балық аулап, арнайы шатырлар, құрал-жабдықтар және жылы орындармен қамтамасыз етілді. Фестиваль қорытындысында «Балқаш олжасы», «Алтын олжа», «Мұз патшасы» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Ақмола облысында заңсыз балық аулаған екі тұрғын сотталды

Алматылық қатысушы Әсел Құбашева фестивальдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтсе, үндістандық тревел-блогер Шах Хусайб Балқаштың қысқы келбеті ерекше әсер қалдырғанын жеткізді.Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама Жетісу өңірінің туристік брендингін қалыптастыруға және жаңа бағыттарды дамытуға серпін береді.

Соңғы жаңалықтар