• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
10 Шілде, 2010

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНАН АРТЫҚ БАЙЛЫҚ ЖОҚ

528 рет
көрсетілді

Кеше Ақтөбе қаласында Ден­сау­лық сақтау министрлігінің “2010 жылдың бірінші жарты жылды­ғын­дағы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу қорытын­ды­лары туралы” атты республикалық кеңес өтті. Кеңеске Премьер-Ми­нистр­дің орынбасары Ербол Орын­баев, Денсаулық сақтау министрі Жақ­сылық Досқалиев, Ақтөбе об­лы­сының әкімі Елеусін Сағын­ды­қов, мүдделі мемлекеттік органдар мен республика денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары қатыс­ты. Ақтөбе облысының әкімі Елеу­сін Сағындықов жиналғандардың алдында қысқаша сөз сөйлеп, кеңес жұмысына сәттілік тіледі. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Жаңа онжылдық – жаңа эконо­ми­­калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақ­стан хал­қына биылғы Жолдауында ден­сау­лық сақтау мәселесіне ба­сым­дылық бере отырып, халықтың ден­сау­лығын жақсартуды Қаза­қ­стан­ның стратегиялық бағдарлама­сы­ның ажырамас бөлігі ретінде на­зар­да ұстап келеді. Мен Ақтөбе өңі­рі­нің халықтың тұрмысын жақсар­туға және денсаулығын нығайтуға өзін­дік үлес қосып отырғанына қуа­­­ныш­тымын. Бірыңғай ұлттық ден­­саулық жүйесін енгізу баста­ма­сы өте өміршең идея. Алғашқы жарты жылдық қорытындыларын шығара отырып, оның біздің өңірде табыс­ты жүргізіліп жатқанына сенді­ре­мін. Мамандар жеткілікті даярлану­да, денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасы жыл өткен сайын нығайып келеді, қаржыландыру да арта түсті. Соңғы үш жылда алпыстан астам денсау­лық сақтау нысаны пайдалануға берілді, – деді Елеусін Наурызбай­ұлы. Облыс басшысы одан әрі ден­саулық сақтау саласы қызметкер­леріне көрсетіліп отырған қаржы­лай қолдау-көмек туралы айтты. Бес жүзден астам дәрігерлер мен мед­бикелер облыс әкімінің ақша­лай сыйлығына ие болған екен. Жалпы облыста медицина саласын дамытуға бағытталған сәтті қадам­дар­ды өзгелерге өнеге ретінде тара­туға әбден болатындай жағдайда десек, артық айтқандық емес. Содан кейін кеңеске қатысу­шы­ларды Премьер-Министрдің оры­н­басары Ербол Орынбаев құтықтап сөз сөйледі. Еліміздегі Бірыңғай ұлт­тық денсаулық сақтау жүйесін енгізудің кейбір мәселелерін тара­тып айтып, осы бағыттағы қол жет­кен табыстарды әңгіме арқауына айналдырды. Ол бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу мәселесін Үкіметтің басты назарда ұстап отырғанына тоқталды. Бұл жүйенің стационарлық және ста­цио­нар алмастырушы қызмет көр­сетуді қамтамасыз ететіні, меди­ци­налық көмек көрсетудегі мемле­кетт­ік кепілдіктерді қаржыландыру жәйлі сөз қозғады. – Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесін енгізуге байланысты осын­дай кеңес былтыр Қостанайда, ал би­ыл сәуір айында Астанада өткі­зілді. Мұндай өзара пікір алысулар Бі­рыңғай ұлттық денсаулық жүйе­сін енгізудің барысын қорытын­ды­лап қана қоймай, алдағы атқары­латын шаруаларды болжауға да ал­ғышарт жасайды. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жыл­дарға арналған “Саламатты Қа­зақстан” атты жаңа мемлекеттік бағ­дарламасы негізінде одан әрі да­мыту көзделіп отыр. Аталған мә­селелерді жан-жақты талқылау жа­ңа жүйені тезірек енгізуге ықпал ете­ді деп ойлаймын, – деді Ербол Тұрмұханұлы. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Сәлидат Қайырбекова Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізудің 2010 жылдың бі­рін­ші жарты жылдығындағы ба­ры­сы туралы баяндады. Бірыңғай ұлт­тық денсаулық жүйесін енгізу нәтижесінде медициналық ұйымдар арасында бәсекелестік ортаны құ­руға, медициналық қызмет көрсе­тудің бірыңғай тарифтерін белгі­леуге, аурулардың медициналық ұйымдарға қолжетімділігіне, ашық­тық пен еркін таңдау құқығына қол жеткізілетін болады. Өңіраралық және республикалық емханаларда емделу мүмкіндігі пайда болды. Бұған дейін мұндай жоспарлы ем­деуге жатқызу палаталық жағдайда немесе квота бойынша ғана мүмкін болатын-ды. Осылайша емделуге жатқызу бюросында тіркелген 258 мың адамның еркін таңдау құқық­тары сақтала отырып, 96 пайызы тұрғылықты жері бойынша ем алса, 3 пайызы республикалық емха­на­ларда емделіпті. 2009 жылдың ал­ғаш­қы жарты жылдығымен салыс­тырғанда госпиталдаудан бас таруға шағымдану 8 есе кеміген көрінеді. Баяндамашының айтуынша, ден­саулық сақтауда жеке секторды дамыту мақсатында медициналық қызметті сатуға тең жағдай туғы­зы­ла бастапты.Медициналық ұйым­дар­мен жасалған 838 келісім-шарт­тың 103-і мемлекеттік емес сектор ұйымдары болып табылады. Бұдан басқа бәсекелестік негізі ретінде бі­рыңғай тарифтің белгіленуін мы­сал­ға келтіруге болады. Медици­налық-экономикалық тариф бағасы сәуір айында 39 процент өсу жа­ғына қаралған көрінеді. Үстіміздегі жылғы алғашқы жарты жылдықта тәулік бойғы стационарлық меди­ци­налық көмек көрсету 118, ста­цио­нар алмастырушы медициналық көмек көрсету 87,6, ал, жоғары ма­ман­дандырылған медициналық кө­мек көрсету 100,4 пайызды құ­рапты. Сәлидат Қайырбекованың мә­лімдеуінше, бірыңғай ұлттық ден­саулық сақтау жүйесін енгізуді одан әрі дамыту үшін жетілдірілген ме­ди­циналық-экономикалық хат­тамаларды енгізуді, негізсіз госпи­талдауды тоқтату бойынша шаралар алуды, төсек қорын рационализа­циялауды және оңтайландыруды ұсынады. Сондай-ақ, сауықтыру жә­не қалпына келтіру емдеу тех­нологиясын дамыту, ғылыми және републикалық емханаларда, ұлттық медициналық холдингте жаңа ха­лық­аралық технологияларды енгізу, өңірлерде жоғары медициналық көмек көрсетуді дамыту да күн тәртібіндегі мәселелер. Дәрі-дәр­мектермен кідіріссіз қамтамасыз ету­ді жетілдіруге, шалғайдағы артта қал­ған аудандардың медицина м­е­кемелерін кепілді қаржыландыруды қамтамасыз етуге, медицина қыз­мет­керлеріне дифференциялан­ды­рылған еңбекақы төлеуді жүзеге асы­руға, Бірыңғай ұлттық денсау­лық сақтау жүйесі туралы меди­ци­налық қауымдастық және тұрғын­дар арасында түсінік жұмыстарын жүр­гізуге де баса көңіл бөлінеді. “СК-Фармация” бас директоры Сыз­дық Баймұқанов бірыңғай дис­три­буция аясында дәрі-дәрмек­пен қамтамасыз ету туралы әңгі­ме­леді. Кеңеске қатысушылар Бірың­ғай ұлттық денсаулық сақтау жүйе­сін енгізуге байланысты өзара пікір алысып, өз өңірлерінде оның қалай жүзеге асырылып жатқанынан ха­бар­дар етті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.