• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 02 Наурыз, 2026

Қай өңірлерде жол жабық?

20 рет
көрсетілді

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылғы 2 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар жол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Жетісу облысы

«Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырымы аралығы (Көктұма ауылы – Достық станциясы учаскесі). Аталған жол бөлігінде қозғалыс 2026 жылғы 3 наурыз сағат 10:00-де қайта ашылады деп жоспарланып отыр.

Павлодар облысы:

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман жолайрығы – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын тұс) жолайрықтың өткел құрылымындағы шеткі арқалықтардың зақымдануына байланысты қозғалыс шектелді.

Синоптиктердің болжамынша, 2 наурыз күні еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, бұрқасын соғады, сондай-ақ тұман түсіп, жел күшейеді. Солтүстік және шығыс аймақтарда ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік өңірлерде қар аралас жауын-шашын күтіледі.

Соңғы жаңалықтар