• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 07:53

Отбасы құндылығын нығайту қажет

0 рет
көрсетілді

Президенттік орталықта Конституциялық реформадағы гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтарға арналған халықаралық конференция өтті. Басқосуда сарапшылар гендерлік саясаттың негізгі бағыттары мен отбасы институтын нығайту мәселелерін талқылады.

«Еліміздегі жаңа Негізгі заң жобасы аясында қарастырылып отырған ең маңызды мәселенің бірі – гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат. Кейінгі жылдары елімізде гендерлік теңдікті нығайту мен әйелдерге қатысты кемсітушілікті жоюға бағытталған бірқатар нақты әрі жүйелі шара қабылданды. Десек те, біз гендерлік және отбасылық-демографиялық сая­сатты жетілдіру бағытында одан әрі нақты қадамдар жасауымыз қажет», деді Президенттік орталық директоры Бақытжан Темірболат.

БҰҰ Әйелдер құрылымы­ның Орталық Азия бойынша үйлестіру кеңсесінің басшысы, Қазақстандағы БҰҰ Әйелдер құрылымының елдік өкілдігінің өкілі Гюрэс Джерен Гювеннің ай­туынша, гендерлік теңдік инклюзивті және орнықты дамудың негізгі элементі болып қала береді. Саяси контекстің өзгеруі, демографиялық үдерістер мен климаттың өзгеруі бір жағынан жаңа мүмкіндіктер ашса, екінші жағынан сақталып отырған теңсіздіктерді айқындай түседі.

«Конституциялық жаңғырту негізгі құқықтарды растауға, инс­титуционалдық кепілдіктерді нығайтуға және гендерлік теңдіктің ұлттық даму басымдықтарының ажы­рамас бөлігі болып қалуын қам­та­масыз етуге маңызды серпін береді. Конституциялық реформа мемлекеттік басқару мен құқық­тық жүйелерде кепілдіктерді күшей­тудің құқықтық негізін қалыптас­тырады», деді БҰҰ өкілі.

Сонымен қатар сарапшылар тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, отбасы, ана мен баланы қорғауға бағытталған жаңартылған конституциялық тәсілдерге талдау жасады.

Президент жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демо­г­ра­­фиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссия мүшесі, «Цифр­лық трансформация» қоғамдық қо­ры­ның негізін қалаушы Азиза Шу­­жeеваның пікірінше, Консти­туцияның жаңа редакциясында азаматтардың дербес деректерін қорғау, цифрлық ортадағы жеке өмірге қол сұқпау, хат-хабар алмасу және банк құпиясын сақтау құқығы тікелей бекітілген. Осы­лайша, аталған кепілдіктер заң нормасы ғана емес, конституциялық мәртебеге ие болды.

Конференция қорытындысында сарапшылар гендерлік саясатты дамытудың басым бағыттарын айқындап, заманауи әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер жағдайында отбасылық құнды­лықтарды нығайтудың маңызы зор деп атап өтті. Бұл бағыттар инклю­зивті және орнықты қоғам қалып­тастыруға негізделген. 

Соңғы жаңалықтар