• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
14 Тамыз, 2015

Мемлекет дамуы мен тұрақтылығының кепілі

615 рет
көрсетілді

Ата Заң қандай мемлекеттің болмасын тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат болып табылатыны анық. Конституцияда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, азаматтық қоғам құру туралы прогрессивті идеялар бекітілді.

Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Сарапшылардың ­пайымдауынша, Қазақстанның Негізгі заңы әлемдегі ең жас Конс­титуция ретінде саналып, жалпыадамзаттық құндылықтарды дә­ріптейтін ең үздік 50 Консти­ту­цияның бірі болып табылады. Жалпы, дамыған елдерде Ата Заң негізгі үстел кітапшаларының бірі болып есептеледі. Себебі, бұл құжат адам өмірінің барлық іс-әрекеттерімен байланысты. Онсыз тіршілік ету қауіп-қатерге толы болары анық. Бауыржан Мо­мышұлы атамыздың: «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деге­ніндей, елдегі тыныштық пен тұрақты­лық әрдайым тәртіппен ретте­ле­ді. Ендеше, мемлекетіміздің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылатын Ата Заңымызға биыл 20 жыл толады. Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі бүкілхалықтық референдумда сайлаушылардың 90,58 пайызы қатысып, олардың 89,14 пайызы осы Конституцияның бекітілуін қолдады. Осы референдум деректеріне жүгінсек, құжатты талқылауға 3 млн. 345 мың адам қатысыпты. Жұртшылық тарапынан сарап­талған 31 мың 886 ұсыныс түссе, соның 1 мың 100-і Конституция жобасына енгізілген. Ата Заңды жасау мен қабыл­дауда Елбасының еңбегі зор. Ол өзінің ықыласы мен зейіні арқылы 20-дан астам дамыған және дамушы елдерінің конституцияларын зерттеп, саралап шыққан. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда, бізде Конституциямыздың беделі Конституциялық Кеңеске байланысты болады екен. Ал АҚШ пен Жапония мемлекеттерінде конституциялық заңдарды тексеру соттарға жүктелген болса, Гвинея мен Камерун елдерінде бұл қызметті Жоғарғы Сот жүзеге асырады. Бұл ерекшеліктердің барлығы бір мәселені көздейді, ол – азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру. Қазі­ргі таңда құқықтық мемлекет қалып­тастыру қағидалары қоғамда және азаматтардың санасында түпкі­лікті бекітіліп, өз жемісін беруде. Әр адам өзінің өмір сүру барысында дамыған бірнеше елдің Ата Заңымен танысқаны жөн. Бұл мәліметтер арқылы сол елдің негізгі ерекшеліктерін білуге мүм­кіншілік туады. Байқа­саңыздар, дамыған елдердің азамат­тары өз құқықтарын сақтау арқылы өзінің және мемлекеттің мүд­десін қоса сақтап отырады. Сана­лы адам әрдайым өз Ата Заңын шамалап емес, барлық бап­­тарын білген жөн. Себебі, конс­­титуциялық қағидалардың бұзы­­луы өте елеулі құқықбұзу­шы­­лық болып саналатынын есте сақтау қажет. Көпшілікке белгілі ақын, жазушы және философ Ста­нислав Ежи Лец өзінің пайым­дауында: «Заңды білмегендік жауап­­­кершіліктен ­босатпайды, ал білген­дік кейде босатады», – деп айтады. «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ақпараттық-талдау орталығының Қызылорда облыстық ішкі сая­сат басқармасының тапсырмасы аясындағы 2015 жылдың I тоқсанында жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойын­ша, Қызылорда облысы тұрғын­дарының 63,1 пайызы құқықтары шектелген жағдайда, заң жүзінде жетістікке жеткендерін айтады. Өткен жылмен салыстырмалы түрде бұл көрсеткіштің 15,2 пайызға өскені байқалады. Сонымен бірге, «Егер сіздің құқығыңыз бен бостандығыңыз шектелсе, сіздің әрекетіңіз қан­дай болуы мүмкін?» деген сұрақ бойынша сот, прокуратура, құқық қорғау органдарына шағым­данатындар 42,2 пайыз, «Нұр Отан» партиясына жүгіну – 27 пайыз, ал жергілікті мемлекеттік органдарға шағымданатындар бар болғаны 23,9 пайызды құраған. Бұл көрсеткіштер қазіргі таңдағы құқықтық мемлекет қалып­тастыру қағидаларының азамат­тардың санасында түпкілікті бекітіліп, өз жемісін берген­дігі­нің дәлелі. Ата Заң Қазақ­стан аза­маттарының игілікті де жақ­сы өмірін камтамасыз етуге өз үлесін қоса бермек. Қазақстанның демо­кратиялық және әлеуметтік жаңа­руының, экономикалық өрле­уінің кепілі, оны өркениетке бастау­шы Конституция. Конс­титуцияны білу және оның қағидалары мен қағидаттарының орнығуы үшін белсенді күрес жүргізу әрбір саналы азаматтың парызы.

Сәулетбек САХИЕВ, «Сыр Медиа» ЖШС ақпараттық-талдау орталығының сарапшысы. ҚЫЗЫЛОРДА.

Соңғы жаңалықтар