• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 08:02

Жастар ауқымды акцияға қатысты

20 рет
көрсетілді

Астанада 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық аясында жаңа Конституцияны қолдауға арналған патриоттық акция өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияның елордалық филиалына сілтеме жасап.

Оған қала жастарының, волон­терлердің, қо­ғамдық белсенділер мен спортшылардың 1000-нан астам өкілі қатысты.

Акция аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының туын және жаңа Конституцияны қолдайтын туын желбіретіп, рәміздік «белгі қою» бейне­сінде орналасып, алдағы рефе­рендумға қолдау көрсетті.

Айта кетейік, Астанада Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша түсіндіру іс-шаралары өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар