• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Air Astana 7,8 және 9 наурызда Сауд Арабиясынан отандастарымызды эвакуациялауды жалғастырады

10 рет
көрсетілді

Қазақстандықтарды 7, 8 және 9 наурызда репатриациялық рейстер арқылы Сауд Арабиясынан елге қайтару жалғасады. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Air Astana компаниясы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп келесі бағыттар бойынша рейстер жоспарлап отыр:

7 наурыз

KC2228 Джидда (ұшу – 13:45) – Атырау (келу – 22:05)

KC2234 Джидда (ұшу – 16:15) – Атырау (келу – 00:35+, 8 наурыз)

KC2226 Джидда (ұшу – 16:55) – Атырау (келу – 01:15+, 8 наурыз)

8 наурыз

KC8860 Атырау (ұшу – 00:05+) – Алматы (келу – 03:00+)

KC8840 Атырау (ұшу – 02:35+) – Алматы (келу – 05:30+)

KC3180 Атырау (ұшу – 03:15+) – Алматы (келу – 06:10+)

KC2236 Джидда (ұшу – 13:45) – Атырау (келу – 22:05)

KC2238 Джидда (ұшу – 15:05) – Атырау (келу – 23:25)

9 наурыз

KC8860 Атырау (ұшу – 00:05+) – Алматы (келу – 03:00+)

KC8840 Атырау (ұшу – 01:25+) – Алматы (келу – 04:20+)

Сонымен қатар, 8 наурызда Air Astana өз есебінен қосымша эвакуациялық рейстер орындайды:

KC2242 Джидда (ұшу – 16:15) – Атырау (келу – 00:35+)

KC8780 Атырау (ұшу – 02:35+) – Алматы (келу – 05:30+)

KC2246 Джидда (ұшу – 16:50) – Атырау (келу – 01:10+)

KC8900 Атырау (ұшу – 02:10+) – Алматы (келу – 05:05+)

Әуе компаниясының мәліметінше, Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайдың дамуын мұқият бақылап отыр.

Сонымен бірге, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі азаматтарды Таяу Шығыстағы жағдай толық тұрақталғанға дейін келесі елдерге барудан уақытша бас тартуға шақырды:

Бахрейн

Египет

Израиль

Йемен

Иордания

Ирак

Иран

Катар

Сауд Арабиясы Корольдігі

Кувейт

Ливан

БАӘ

Оман

Сирия

Министрлік өңірде жүрген қазақстандықтарға жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуді, қауіпті аймақтарға бармауды, жергілікті биліктің нұсқауларын орындауды, соның ішінде зымыран қаупі кезінде дереу паналау орындарына баруды ұсынды. Сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушылармен байланыста болу қажет.

Бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі 6 наурыздағы мәлімет бойынша, өңірдегі әскери қақтығысқа байланысты 3300 қазақстандық Таяу Шығыс елдерінен елге қайтарылғанын хабарлаған. 

Соңғы жаңалықтар