• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Кеше

Астанада ертең мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

10 рет
көрсетілді

Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

«Ауа райының нашарлауына байланысты (желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі) 11 наурыз күні 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9-сынып базасында) бірінші ауысымда қашықтан оқиды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін қатты желге байланысты екінші ауысымдағы 0-8 сынып оқушылары да қашықтан оқыды. 

«Қазгидромет» мәліметінше, 11 наурыз күні Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей жерлерде екпіні 15-20 метрге, кейде 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы –27...–29°C, күндіз –13...–15°C болады.

   
Соңғы жаңалықтар