• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:45

Астанада полицей телефонға жауап бермегені үшін бастығын соққыға жықты

0 рет
көрсетілді

Астанадағы ауданаралық қылмыстық істер сотында полиция қызметкерлері арасындағы жанжалға қатысты іс қаралды. Есіл ауданының полиция басшысының бұрынғы орынбасары Әли Әбетаев басшысы Сәкен Ноғаевты ұрғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот мәліметіне сәйкес, оқиға 2025 жылғы 5 шілдеде мейрамханалардың бірінің артқы ауласында болған. Әбетаев Ноғаевтан неге телефон қоңырауларына жауап бермегенін сұраған. Ноғаев телефоны істемей қалғанын айтқан.

«Кейін Әбетаев оны соққыға жыққан. Сондай-ақ бірнеше рет басынан және бетінен ұрған. Жәбірленуші шетке тайсақтағанымен, шабуылшы соққысын тоқтатпаған. Олар көліктер арасындағы аралыққа түскенде Әбетаев Ноғаевқа қайта соққы жасап, одан кейін қылғындыру тәсілін қолданған», делінген сот материалдарында.

Шабуыл нәтижесінде жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алған. Сот Әбетаевқа бір жылға дейін бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сондай-ақ сот Ішкі істер министріне қатысты жеке ескерту шығарды. Құжатта полиция қызметкерінің әрекеті құқық қорғау органдарының беделін түсіргені атап өтілген.

Соттың қорытынды мәліметінде:

«Әбетаев құқық қорғау органы қызметкері екенін жақсы біле отырып, саналы түрде әрекет еткен және осылайша ІІМ-нің беделін және мемлекеттік билік институтының абыройын түсірген», делінген.

Еске сала кетейік, бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасары Дәурен Есімхановпен жанжалдасып қалып, кейін олар қызметінен кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар