Елімізде жоғары білім беру жүйесін қаржыландыру тетіктері жаңарып, тиімділігі артпақ. Бұл бағыттағы өзгерістер азаматтардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуге және университеттердің бәсекеге қабілетін күшейтуге негізделген, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жаңа қаржыландыру құралдарын енгізу жөніндегі бастамаларды таныстырды. Жаңа модельге сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу экономиканың нақты сұранысына бағытталады. Яғни кадр даярлау еңбек нарығының қажеттілігімен тығыз байланыстырылады.
Шетелдік ЖОО-ға түскісі келетіндер қайда хабарласады?
Келесі жылдан бастап жоғары оқу орындарының қызметін бағалайтын ұлттық рейтинг енгізіледі. Бұл жүйе объективті көрсеткіштер мен нақты индикаторларға сүйенеді. Рейтинг нәтижелері мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде негізгі өлшемдердің бірі болмақ.
Сонымен қатар елімізде «Ғылым және білім эндаумент-қоры» мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл қор жоғары оқу орындарын қаржыландырудың жаңа тетігі ретінде ғылым мен білім саласына қосымша инвестиция тартуға жол ашады.
Президент: Елімізде шетелдік ЖОО-лардың 33 филиалы ашылды
Министрдің айтуынша, жаңа модель кезең-кезеңімен іске асады және оның басты мақсаты – кадр даярлау сапасын арттыру.
«Мемлекет басшысы жоғары білімді қаржыландырудың жаңа моделін кезең-кезеңімен енгізу туралы заңға қол қойды. Модель кадрларды даярлау сапасын арттыруға және бәсекеге қабілетті жоғары оқу орындарын қалыптастыруға бағытталған. Рейтинг нәтижелері кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары оқу орындарын анықтау кезінде ескеріледі. Рейтингтік көрсеткіштері жақсы жоғары оқу орындарына қосымша академиялық дербестік беріледі», деді Саясат Нұрбек.
Жалпы, қолға алынған өзгерістер жоғары білім беру жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеріп, университеттердің дербестігін арттыруға, сондай-ақ ғылым мен білімнің байланысын күшейтуге мүмкіндік бермек.
Қазақстандағы 5 ЖОО әлемнің үздік университеттерінің тізіміне енді