Аймақтарға сапар аясында Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Қайрат Ищанов, сенатор Сәрсенбай Еңсегенов және Мәжіліс депутаты Жалғас Дүйсенғалиев Атырау облысындағы Мақат және Махамбет аудандарының тұрғындарымен кездесіп, нақты сектордың кәсіпорындарын аралады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Депутаттар Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық бағдарламасында белгіленген міндеттерді іске асыру жөніндегі Парламенттің заң шығару қызметінің бағыттары туралы әңгімеледі және бес институттық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадамның» негізгі мәселелеріне назар аударды. Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары экономиканы дамытудағы, әлеуметтік саланы өркендетудегі сапалы көрсеткіштерге қол жеткізудегі Атырау облысының әлеуетін атап өтті.
Ауыл тұрғындары Қазақстан Президентінің Жолдауы мен институттық реформаларға қолдау білдіріп, оны табысты жүзеге асыруға әзір екендіктерін жеткізді.
«Егемен-ақпарат».