• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Наурыз, 2015

Елордадағы қолдау форумы

193 рет
көрсетілді

Кеше елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдауға арналған форум болып өтті. Сөйтіп, аталған шара сайлау науқанының үгіт кезеңін ашып берді. Форумға қатысушылар – Рес­пуб­ликалық қоғамдық штаб пен Астана қалалық қоғамдық штабының мүше­лері және Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттың саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми және шығармашыл интеллигенция, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Астана қаласы мәслихатының депутаттары, жастар белсенділері, спортшылар, сондай-ақ, бизнес өкілдері сана­тындағы сенім білдірілген адамдар болды. Шараға Қазақстан президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың Респуб­лика­лық қоғамдық штабының басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, Халық Қа­һар­маны Бақытжан Ертаев, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсақожаева, жетекші саяси партиялар басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, т.б.  қатысты. «Қазақстан Республикасының Негізін қалаушы және Тұңғыш Президентінің арқасында біз Тәуелсіздік жылдарында жүз жылдарға тең  жолдан өттік! Біздің Көшбасшымыздың арқасында барлық қазақстандықтар бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді! Біздің Елбасының арқасында біз қуатты, өсіп-өркендеген, бәсекеге қабілетті, бүкіл әлемде құрметке ие мемлекет құрдық! Біздің Президентіміздің арқасында турбуленттілік жағдайларында біз қоғамымыздың саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларын табыс­ты жаңғырта алдық! Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында елімізде тамаша «2050» Стратегиясы қабылданса, онда мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттары мен бағдарлары анық та нақты жазылған! Назарбаевтың арқасында «Нұрлы Жол» бағдарламасы – еліміздің, сондай-ақ, әр отбасының экономикалық өсімі мен игілігінің дұрыс бағыты жасалды! Сондықтан мен тура бір айдан соң осы форумға қатысушылар, барлық қазақстандықтар секілді, өздерінің сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің дауыстарын өздерінің болашақтары, өздерінің балалары мен немерелерінің болашақтары үшін, әр отбасының игілігі, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, Қазақстан Республикасы деп аталатын туған Отанымыздағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін беретініне нық сенімдімін. Осының барлығына бізді тек әлемдік өркениеттің шыңына бастап келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қана кепілдік бере алады. Тек Елбасымен ғана жаңа жеңістерге жетеміз, қымбатты достар!», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед. Шараға қатысушылар 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін сайлауда Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевты қолдауға дайын екендіктерін білдірді. Форумда сайлауалды науқаны шеңберінде үгіт жұмыстары басталып отыр­ғаны атап өтілді. Мәселен, тек Аста­на қаласы бойынша ғана кандидаттың 535 сенім білдірілген адамы жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, кеше бүкіл еліміз бойынша Қазақстан Республикасы прези­денттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың 224 қоғамдық қабылдауы өз жұмысын бастады. Республикалық қоғамдық қабыл­даудың ашылуына президенттікке канди­дат Н.Ә.Назарбаевтың Республи­калық қоғамдық штабының басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед қатысты. Қоғамдық қабылдаулар үстіміздегі жылдың 24 сәуіріне дейін жұмыс істей­тін болады. Қоғамдық қабылдау­лардың негізгі міндеттері азаматтардан ұсыныстар мен тілектер қабыл­дау, президенттікке кандидат Н.Ә.На­зарбаевтың сайлауалды тұғырнамасын насихаттау және сайлау заңнамасын түсіндіру болып табылады. Қоғамдық қабылдауларда Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың  шамамен 600-дей сенім білдірілген адамы таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 19-ға дейін жұмыс күндері, таңертеңгі сағат 9-дан түскі сағат 13-ке дейін сенбі күндері сайлаушыларды қабылдайтын болады. Қазақстан Республикасы прези­денттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық қабылдауы Астана қаласы, Кенесары көшесі, 25 мекенжайдағы «Нұр Отан» партия­сының ғимаратында орналасқан. Республикалық қоғамдық қабыл­даудың бірінші күні бірқатар азаматты Мұхтар Құл-Мұхаммед қабылдады. Республикалық қоғамдық штабтың басшысы қоғамдық қабылдаулардың қызметі Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде ел алдына қойған бес шешуші міндетті табысты жүзеге асыруға сүбелі үлес қосатынына сенім білдірді. «Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның тағдыры республиканың әр азаматына тікелей байланысты деп кездейсоқ айт­қан жоқ. Қоғамдық қабылдаулар қазақ­стан­дықтарға елімізді нығайту мен дамы­туға қатысуға тамаша мүмкіндік­тер береді», деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед. Республикалық қоғамдық штабтың басшысы азаматтардың ең қызықты да құнды ұсыныстары міндетті түрде Н.Ә.На­­зар­баевқа жеткізілетініне сендірді.