Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына байланысты жасаған мәлімдемесінде бірнеше полиция басшысының қызметінен босатылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті жүргізуші соттың санкциясымен қамауға алынған.
«Ол заң алдында толық жауап беріп, тиісті жазаға тартылады», деді министр.
Алматыға Өзіндік қауіпсіздік департаментінің, Әкімшілік полиция комитетінің және Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментінің қызметкерлері жіберіліп, жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар басқа да заңбұзушылықтардың болуы туралы уәждер бойынша қылмыстық істер қозғалған.
Ақтөбеде жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
«Бірқатар басшы атқарып отырған қызметтерінен босатылды. Барлық әрекеттерге құқықтық баға беріліп, кінәлілер міндетті түрде жауапкершілікке тартылады. Ешкім де заңнан жоғары емес», деді Ержан Сәденов.
Алматы көшелерінде түнгі автожарыстар жиіледі: Полиция бақылауды күшейтті
Еске салайық, 24 наурызда Алматы қаласының әл-Фараби даңғылында жол апаты болды. Оқиға салдарынан 3 адам қаза тапты.