ПАВЛОДАР. 26 ақпан. Павлодар облысы Шарбақты ауылында жаңадан ашылған мектепте 247 оқушысы білім алады. Бұлтуралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мектепте 20 оқу кабинеті, 2 информатика кабинеті, 1 мультимедиалық кабинет, кітапхана, мәжіліс және спорт залдары, асхана, 4 медициналық кабинет, 2 шеберхана мен 1 интерактивті тақта бар.
Жаңа мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Қанат Бозымбаев қатысты. «Абай»ЖШС мектепке «Газель» автокөлігін сыйға тартты. Биыл облыста тағы да 5 мектептің құрылысы басталмақшы.
Фарида Бықай.
Деерк, сурет: egemen.kz.