Астанада қуыршақ театрларының І халықаралық «Құралай» фестивалі өтеді. 29 маусымда шымылдығы салтанатты түрде ашылатын «Құралай» фестивалі 2 шілдеге дейін созылады.
І халықаралық «Құралай» фестиваліне Перу, Эстония, Болгария, Сербия, Румыния, Татарстан, Тәжікстан елдеріндегі қуыршақ театрларының үздік өкілдері келді. Отандық қуыршақ театрының майталмандары да қызу дайындық үстінде. Құралай Ешмұратованың мұрындық болуымен өтетін шара «Жастар» сарайында салтанатты түрде ашылады, одан әрі қойылымдар Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының сахнасында өтеді.