• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Маусым, 2015

Көңіл айту жеделхатын жолдады

265 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Пре­зи­денті Владимир Путинге белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Евгений Примаковтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Көңіл айту жеделхатында Е.Примаковтың қайтыс болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының күйзеле отырып қабылдағаны атап өтілген. «Евгений Максимович мемлекеттік және саяси қайраткер, Ресей қоғамы мен халықаралық деңгейде зор беделге ие ғалым болатын. Ол өзінің бітімгерлік қызметімен көптеген елдерде шынайы құрметке бөленді», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Е.Примаковтың барша туыстары мен жақындарына көңіл айтты.