• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Сәуір, 2026

Алматыда мектеп оқушылары танымал әншімен бірге ән айтты

0 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы № 141 орта мектепте «Жұлдызбен кездесу» атты кеш өтті. Танымал әнші Өмірқұл Айниязов арнайы қонақ ретінде шақырылып, оқушылар мен ұстаздар қауымына ұмытылмас қуаныш сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесудің шымылдығы мектеп фойесіндегі оқушылардың салтанатты «Шашу» күйін орындаумен ашылды. Ұлттық киім киген оқушылар қонақты ерекше ілтипатпен күтіп алып, қазақи қонақжайлықтың үлгісін көрсетті. Акт залына жиналған қауымның ықыласы ерекше болды. Әр оқушының жүзінен толқыныс сезімі байқалды. Іс-шараның алғы сөзін мектеп директоры Ғазиза Жұмашева ашып беріп келген қонаққа ұжым атынан өз ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Кездесу тек концерттік бағдарламамен шектелмей, еркін форматтағы сұхбатқа ұласты. 2 «Д» сынып оқушылары «Ашық микрофон» айдарында сауалдарын қойып, әншінің балалық шағы, мектептегі қызықтары мен өнер жолындағы алғашқы қадамдары туралы сұрап білді.

«Өнер − үлкен еңбек пен жауапкершілікті талап етеді. Мектепте алған білім − болашақтың іргетасы», деп атап өтті Өмірқұл Айниязов.

Мектептің жас таланттары да қалыс қалмады. Әншінің репертуарындағы хит әндерді оқушылар хормен шырқағанда, кеш қонағы таңданысын жасыра алмады. Бұл − жас ұрпақтың заманауи қазақ өнеріне деген құрметі мен сүйіспеншілігінің айқын көрінісі.

Кездесу соңында әнші мектепке өз лебізін білдіріп, белсенді оқушыларға қолтаңба берді. Мұндай кездесулер балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың бойындағы патриоттық сезім мен мақсатқа деген ұмтылысын оятады

Ақмарал МҰРАТҚЫЗЫ,

Алматы қаласы Әуезов ауданы

№ 141 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Соңғы жаңалықтар