• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2015

«Ұлытау ұлағаты – ұлт тарихы»

650 рет
көрсетілді

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы және Қазақстан Жазушылар одағының Астана филиалы Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесіне орай «Ұлытау ұлағаты – ұлт тарихы» атты республикалық мүшәйра жария­лайды. Мүшәйраның басты мақсаты – халқымыздың бүгінгі байтақ бақытын жан-жақты жарқырата жырлау арқылы жас ұрпақтың жүрегіне отаншылдық рухты ұялату. Жыр бәйгесінің тақырып аясы мейлінше кең. Керей мен Жәнібектен – хан Кенеге, Жиренше шешеннен – Ілияс Есенберлинге дейінгі қазақ халқының басынан өткен сан қилы кезеңдер толғай білген талантқа, жырлай білген ақынға ұшан-теңіз әлем. «Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?!» деген екен бабаларымыз. Өз Тәуелсіздігімізді, өз тарихымызды, өз Отанымыз бен өз Астанамызды, өз тұлғаларымызды өзіміз жырламағанда кім жырлайды?! Қазақ хандығының бес жарым ғасырлық тойында шаппаған жүйрік жүйрік пе, толғанбаған ақын ақын ба?! Міне, арғымақ-жырдың аламаны басталды. Ендеше, әншейінде дүбір шықса делебесі қозатын арқалы ақындар, салиқалы жыр сіздерден, салмақты жүлде біздерден! Бас жүлде – 1 миллион теңге. Бірінші орын – біреу. Екінші орын – екеу. Үшінші орын – үшеу. Ынталандыру сыйлығы – бесеу. Мүшәйраға еш жерде жарық көрмеген поэ­малар, толғаулар, топтама өлеңдер маусым айының 15-іне дейін қабылданады. Мүшәйра қорытындысы Астана күні қарсаңында жарияланып, марапаттау салтанаты өтеді. Үміткерлер шығармасын компьютерде теріп, 5 данасын төмендегі мекенжайға жіберуі керек немесе astanakalamger@mail.ru электрондық поштаға жолдауға болады. Автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы (бар болса) міндетті түрде көрсетіледі. Индекс: 010000, Астана қаласы, Әуезов көшесі, 20 «А» Сәкен Сейфуллин мұражайы. Тел: 32-15-90, 32-84-67 Жүлдегерлердің Астанаға келіп-кету шығынын ұйымдастырушы тарап мойнына алмайды.