2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы
2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол қою парақтарын берудің және қолдардың растығын тексерудің мерзімдерін қысқарту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 12-бабының 2) тармақшасына, 14-бабының 2) тармақшасына, 56 және 66-1-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары оның Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін екі күнтізбелік күннің ішінде берілетін болып белгіленсін.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдайтын қолдардың растығын аумақтық сайлау комиссияларының тексеру мерзімі оннан бес күнтізбелік күнге дейін қысқартылсын.
Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Қ.Тұрғанқұлов
Хатшы Б.Мелдешов
сурет : http://www.inform.kz