• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 10:03

Инвестордың қоғамшыл бастамасы

Қайырымдылық – жүректен басталатын ізгілік. Ал туған жердің өркендеуіне үлес қосу – әр азаматтың перзент­тік парызы. Кейінгі жылдары ел ішінде әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, туған өлкесінің дамуына нақты үлес қосып жүрген кәсіпкерлер көбейді. Айталық, сарқандық кә­сіпкер Оразғали Сәдуақасов жерлестеріне бірнеше баспана сыйламақ.

Бүгінде Сарқан қа­ласында тұрғын үй құрылысы қар­қын­ды жүргізіліп жатыр. Мұнда 60 пәтерлі 30 тұрғын үй ел игі­лігіне беріледі. Бұл – тек құры­­лыс нысаны емес, ондаған от­ба­сы­ның болашаққа деген үмітін үкі­лей­тін үлкен жоба, шалғайдағы елді мекен­дердің әлеуметтік жағда­йын жақсар­туға бағытталған маңыз­ды қадам.

Бастаманы батыл қолға алған Оразғали Сәдуақасов туған жері­не деген сүйіспен­шілігін нақты іспен дәлелдеп келеді. Жобаны жүзеге асы­­ру жұ­мыстарын оның ұлы Арнұр Оразғалиұлы жетек­­ші­лік ететін «Сангаз» жауап­­кершілігі шектеулі серіктесті­гі ат­қарып жатыр. Әке мен баланың бір мақ­сат жолындағы еңбегі өңір тұрғындарының ризашы­лығына бөленіп отыр.

«Қазақ халқы ежелден ту­ған жердің қадірін биік қой­ған. «Туған жерге туыңды тік» деген дана сөздің мәні де осында. Қай кезде де елінің дамуына үлес қосқан азаматтар халықтың құрметіне ие болған. Бүгінгі игі бастама да сол дәстүрдің жалғасы», дейді Арнұр Оразғалиұлы.

Құрылыс жұмыстары бел­гі­ленген жоспарға сай жүр­­гізіліп жатыр. Нысан­дар­дың барлығы заманауи та­лаптарға сәйкес салынып, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қажетті жағ­дайлар қарастырылған. Қазір­де құ­рылыс алаңында 30-дан астам адам тұрақты ең­бек етіп жатса, жергілікті тұр­ғын­дардың да жұмыспен қамтылуына мүмкіндік жасалған.

«Үй салынып жатқан жер те­лімін сатып алдық. Құ­­­ры­­лысқа қол­данылатын мате­­риалдардың бар­лығы елі­міз­­де өндірілген өнім­дер. Әзір­ге бұл аумақта газ жүйе­сі тар­тыл­мағандықтан, тұр­ғын үй­лер қатты отынмен жы­лыты­ла­ды. Су, жарық, кәріз жүйе­ле­рін де өз қаража­тымыз­ға жүргізіп жатырмыз. Газ­блок­тан тұрғызылған үйлердің сыртқы әрлеу жұ­мыс­тары то­­лық аяқталып, есік-терезесі ор­­на­тылып, еде­ніне ламинат тө­­се­­ліп, қабыр­ғалары кафельмен қапталып, толық дайын күйін­де тапсырылады», дейді кәсіпкер.

Сайып келгенде, бұл баста­ма­ның әлеуметтік маңызы өте зор. Өйт­кені тұрғын үй мәсе­лесі қай кезде де барынша өзекті. Жаңа үйлердің пайда­лануға берілуі баспанаға мұқ­таж азаматтардың жағ­дайын жақсартып қана қой­май, қала кел­бетіне де оң өзгеріс әкеледі.

Ең бастысы, жобаның ас­та­­­рын­да туған жерге деген шы­найы жанашырлық жа­тыр. Әдетте кәсіп­керлер инвестицияны ірі қа­лалар мен табысы жоғары жобаларға бағыт­тауға ұмтылады. Ал Сар­қан­дай шағын қалада осын­дай ауқым­ды құрылыс жүр­гізу – туған өңірдің бола­ша­ғына деген сенім мен жауап­кершіліктің айқын көрінісі.

«Қайырымдылық қаржы­лай көмек көрсетумен ғана өлшенбейді. Кейде халыққа қажетті нысан салу, жұмыс орын­дарын ашу, әлеуметтік мәсе­лелердің шешілуіне ық­пал ету де үлкен сауапты іс саналады. Осы тұрғыдан алғанда Оразғали Сәдуақасовтың бас­тамасы – көпші­лікке үлгі болатын азаматтық ұста­ным», дейді Сарқан ауданының тұрғыны Еділбек Жантілеу.

Жергілікті тұрғындар игі іске ризашылықтарын біл­діріп отыр. Өйткені жаңа тұр­ғын үйлердің салынуы өңірдің әлеуметтік-эконо­микалық дамуына тың серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік жасайды. Мұндай жобалар елді мекендердің дамуына ғана емес, жастардың туған жерде тұрақтап еңбек етуіне де ық­пал етеді. Құрылыс жұмысы толық аяқталған соң, ондаған отбасы жаңа қонысқа көшіп, көптен күткен қуанышқа кене­леді. Бұл – бір жағынан баспана мәселесінің шешімі болса, екінші жағынан туған жердің гүлденуіне қосылған үлес.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар. Сар­қанда жүзеге асып жатқан игілікті іс – туған жерге деген сүйіспеншілік­тің, әлеуметтік жауапкершіліктің, қайырымдылықтың жарқын үлгісі. Осындай бастамалар кө­бейген сайын өңірлер дамып, елдің еңсесі биіктей түсері анық.

Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар