• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Кино Бүгін, 17:38

Енді прокатқа шығатын фильмдер тексерістен өтеді

Отандық фильмдер прокатқа шығарар алдында арнайы сараптамадан өтеді. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа талаптар 12 маусымнан бастап күшіне енеді. Ережеге сәйкес, прокат куәлігін алу үшін фильмнің құқық иелері уәкілетті органға кинотеатрға шығатын нұсқасын ұсынуы тиіс.

Сараптама барысында фильм мазмұнында педофилия элементтері, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен қатыгездікті дәріптеу белгілері бар-жоғы қаралады.

Жүлде қоры 1 млн доллар: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауына өтінім қабылдау басталды

Еске сала кетейік, 2026 жылы Қазақстанда ЛГБТ насихатына қатысты шектеу нормалары ресми түрде күшіне енген болатын. Осыған байланысты мұндай мазмұндағы фильмдердің ел аумағында көрсетілуіне тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар