Теміртау қаласының 6-шағынауданында бесқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында қоқыс пен кіреберістегі екі есік блогы жанды, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері құтқару қалпақтарының көмегімен 13 адамды, оның ішінде 7 баланы құтқарды.
Өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталуда.
Өрт шыққан жағдайда сабыр сақтап, дереу 112 нөміріне хабарлау, мүмкіндігінше қауіпті аймақтан шығу және құтқарушылардың нұсқауларын қатаң сақтау қажет.