• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2015

Талдықорғанда 16 қабатты қонақүй салынады

218 рет
көрсетілді

Талдықорғанда әлемдік стандартқа сай келетін 16 қабатты қонақүй кешенінің алғашқы қазығын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қақты. Бұл нысанның бір артықшылығы «Falcon-petroleum» компаниясы мемлекеттің ешқандай қатынасынсыз құрылыс жұмысын жүргізеді. Небәрі 8 айда барлық жұмысын аяқтап, бес жұлдызды ғаламат қонақүйді пайдалануға береді. Осы мағлұматты компания өкілі мәлім ете тұрып, тәжірибелі құрылысшыларға тән кәсіби тілмен елдің алдында облыс әкіміне уәде үде­сінен шығатындығын ай­тып сендірді. Екі гектар жер­де орналасатын қонақүй ке­шенінде 14 жоғары сапалы (люкс), 54 стандартты бө­л­мелер қарастырылған. Соны­мен қатар, мейрамхана, сал­танат және мәжіліс залдары, көркемдік пен сән са­лон­дары, оның сыртында 16-қа­батта Жетісудың кіндік қа­ла­сы алақандағыдай болып көрі­нетін демалыс орны да болады. Тұтастай алғанда, Тал­ды­қорғанның оңтүстік-батыс шағын ауданында таяу уақытта 121 көпқабатты үйлер, оқу­шылар сарайы, драма театры, неке қию залы секілді бір­қа­тар әлеуметтік нысандар бой көтеретін болады. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». ТАЛДЫҚОРҒАН.
Соңғы жаңалықтар