• RUB:
    6.14
  • USD:
    480.72
  • EUR:
    548.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 15:21

Мемлекет басшысы: Домбыраны ұлықтау арқылы біз төл өнерімізді төрге оздырамыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен руханиятты дамытудың маңыздылығына баса мән берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент жаңашыл әрі жасампаз мемлекет болу үшін Қазақстан өзінің бай тарихы мен мәдени мұрасына сүйенуі қажет екенін айтты.

«Қашанда жаңашылдыққа ұмтылатын жасампаз ел болу үшін біз ең алдымен мызғымас құндылықтарымызға, бай тарихымыз бен мәдени мұрамызға арқа сүйеуіміз қажет. Бірнеше күннен кейін бәріміз бір ел болып «Ұлттық домбыра күнін» атап өтеміз. Бұл – болмысымызды айшықтайтын, жұртымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың рухын көтеретін айрықша мереке. Көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – домбыра» деп жырлауы тегін емес. Расында, домбыраны ұлықтау арқылы біз төл өнерімізді төрге оздырамыз. Домбыра қастерлі құндылығымыз ретінде ұлтымызды әлемге танытатын бірегей брендке айналуы керек. Жалпы, мемлекет руханият саласын дамытуға әрдайым баса назар аударып келеді. Бұл тағылымды іске депутаттар корпусы – сіздер де зор үлес қостыңыздар. Әрине, сіздер атқарған ауқымды жұмыстың мән-маңызын бір ғана жиынның аясында жеткізу мүмкін емес», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ жиында Мемлекет басшысы Цифрлық Қазақстанды құрудың негізгі алғышартын атады.

Соңғы жаңалықтар