• RUB:
    6.14
  • USD:
    480.72
  • EUR:
    548.07
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 15:24

Испанияда аптап ыстықтан 1 028 адам көз жұмды

Испанияда маусым айында аптап ыстықтан 1028 адам көз жұмды. Бұл соңғы онжылдықта тіркелген ең жоғары көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылғы мамырдағы өлім-жітім деңгейі соңғы он жылдағы орташа көрсеткіштен 3,6 есе жоғары болған. Құрбандардың басым бөлігі – 65 жастан асқан егде жастағы азаматтар екені анықталған.

Температураның ең жоғары көрсеткіші маусым айының соңында тіркелді. Қазіргі уақытта Испанияның көптеген провинциясында ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталып отыр.

Италиядағы көл күннің ыстығынан миллиардтаған литр суынан айырылды

Еске сала кетейік, былтыр жаз айларында Испанияда аптап ыстықтан 1 060 адам көз жұмған болатын. Осыған байланысты Испания премьер-министрі Педро Санчес қоғамдық ғимараттарда климаттық баспаналардың ұлттық желісін құру бастамасын жариялаған еді. Ал биыл мамыр айында елде аптап ыстықтан 100-ден астам адам көз жұмған болатын.

Биыл Еуропада рекордтық ауа температурасы тіркеліп отыр. Аптап ыстықтан кәрі құрлықта жаз басталғаны 1 300-ден астам адам көз жұмған.

Соңғы жаңалықтар