Бүгін елімізде жаңа Конституция күшіне енді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, Президент «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы»;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заңдардың толық мәтіні ресми басылымдарда жарияланады.
Айта кетейік, бүгіннен бастап елімізде Жаңа Конституция күшіне енді. Соған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.