• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:25

Байқоңыр тұрғыны үш жасар ұлына санавиация жіберуді сұрайды

Байқоңыр қаласының тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде үш жасар ұлын санитарлық авиациямен шұғыл түрде тасымалдауға көмектесуді сұрап, үндеу жариялады. Оның айтуынша, бала бесінші қабаттан құлаған. Ол бірнеше күннен бері Байқоңыр қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқыс оқиға 29 маусымда болған. Қазір үш жасар бала өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлер оған бас миының ауыр жарақаты, мидің ісінуі, DIC синдромы және басқа да ауыр жарақат диагнозын қойды. Анасының айтуынша, балада сондай-ақ жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамып, дене қызуы бірнеше күннен бері 40 градусқа жуық болып тұр.

Санавиация Таиландта комадан оянған қазақстандықты елге алып келуден бас тартты

Әйел Байқоңыр ауруханасының дәрігерлеріне алғыс айтып, олардың ұлын аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын жеткізді. Алайда бұл медициналық мекемеде баланы одан әрі емдеуге қажетті мамандар мен арнайы жабдық жоқ. Сондықтан анасы баланы санитарлық авиация арқылы Қызылордадағы мамандандырылған ауруханаға шұғыл жеткізу қажет екенін айтты. Оның сөзінше, медициналық көрсеткіштерге байланысты баланы автокөлікпен тасымалдауға болмайды. Бірақ осы уақытқа дейін санитарлық авиация рейсі ұйымдастырылмаған.

Атырау облысында жыл ішінде санавиациямен 243 науқасқа көмек көрсетілген

«Қазір біз үшін әрбір минут қымбат. Осы үндеуімді назардан тыс қалдырмай, баламның өмірін сақтап қалуға көмектесулеріңізді сұраймын», деп жазды анасы.

Баланың анасы өз сөзінде, Денсаулық сақтау министрлігінен, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан және өзге де жауапты органдардан баланы тікұшақпен шұғыл эвакуациялау үшін барлық қажетті шараны қабылдауды сұрады. Сонымен қатар ел тұрғындарын жазбаны кеңінен бөлісуге шақырды.

Отандық санавиация Сеулге аттанды

     
Соңғы жаңалықтар