• RUB:
    6.11
  • USD:
    467.98
  • EUR:
    533.87
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:10

Шри-Ланка азаматтары өзге елдің төлқұжатымен Қазақстанға өтпек болған

Таиландтың Бангкок қаласында Қазақстанға заңсыз өтпек болған шри-ланкалық отбасы ұсталды. Таиландтың иммиграциялық қызметі заңсыз көшіруді ұйымдастырды деген күдікпен екі әйелді қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Анаса есімді әйел мен оның 14 және 5 жастағы екі ұлы алдымен Шри-Ланка төлқұжаттарымен Таиландқа келіп, кейін Малайзия арқылы Қазақстанға ұшпақ болған.

Малайзияда оларды ертіп жүрген Ливия есімді азамат өзін балалардың анасы ретінде таныстырған. Алайда әуе компаниясының қызметкерлері құжаттардағы сәйкессіздіктерді байқап, жолаушыларды рейске отырғызудан бас тартқан.

ҰҚК шекарада қылмыстық топтың заңсыз қызметінің жолын кесті

Сәтсіз әрекеттен кейін отбасы Мьянма арқылы Қазақстанға жетуге қайта оқталған. Дегенмен бұл жолы да олардың әрекеті сәтсіз аяқталып, Таиландтағы Донмыанг әуежайында иммиграциялық қызмет өкілдерінің қолына түскен.

Тексеру кезінде Анаса мен оның үлкен ұлы бөтен адамның төлқұжаттарын пайдаланғаны анықталды. Ал бес жасар баланың қолындағы Малайзия төлқұжаты заңды түрде рәсімделген. Оқиғадан кейін Анаса мен Ливияға жол жүру құжаттарын заңсыз пайдаланды деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды.

60 млн теңгенің жанар-жағармайы: Шекарада заңсыз мұнай тасымалының жолы кесілді

Таиланд билігі құқық бұзушылық әрекеттерінде балалар саудасының белгілері анықталмағанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта екі бала мемлекет қамқорлығына алынған. Оларды дипломаттардың көмегімен Шри-Ланкаға қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін ҰҚК Шекара қызметі 2026 жылғы мамырда құзырлы органдармен бірлесіп, Қазақстан заңнамаларын бұзған 3 881 адамды ұстаған болатын. Олардың ішінде 1 125 шетел азаматтары бар.

Соңғы жаңалықтар