Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен кейін 18 мыңға жуық адам үйсіз қалды. Табиғат апатынан зардап шеккен халық қазіргі уақытта мектептерде, саябақтарда және өзге де уақытша паналау орындарына орналастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, апат аймағындағы жағдай өте күрделі. Ел билігі сейсмикалық төзімді жаңа тұрғын үйлердің құрылысын жеделдету үшін жергілікті және халықаралық компанияларды тартуды жоспарлап отыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) алдын ала бағалауынша, зілзала салдарынан ел экономикасы мен инфрақұрылымына орасан зор нұқсан келген:
3 811 адам табиғи апаттан көз жұмған; 17 000-ға жуық тұрғын әртүрлі деңгейде жарақат алған; 18 000 адам баспанасынан айырылып, далада қалған; Тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға келген жалпы шығын көлемі 37 миллиард долларды құрады.Сондай-ақ апаттан зардап шеккен 1,3 миллион азаматқа шұғыл гуманитарлық көмек көрсету үшін 300 миллион доллар қаражат қажет екені атап өтілді.
Еске сала кетейік, 25 маусымға қараған түні Венесуэланың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7,2 және 7,5 болған екі ірі жер сілкінісі небәрі 39 секунд айырмашылықпен қайталанды. Одан кейін тағы 782 дүмпу тіркелген. Елде қайғылы оқиғаға байланысты жеті күндік аза тұту жарияланды.