АҚТӨБЕ. 30 маусым. Ақтөбеде Астана күніне орай веложарыс өтеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған жарыс 6 шілдеге жоспарланған. Жарысқа әуесқой велошабандоздардың барлығы қатысы алады. Шараны ұйымдастырушы – «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады. Облыстық әкімдік ғимаратынан бастау алған жарыс айналма жолдарды жүріп өткен соң, «Мега-Ақтөбе» ойын-сауық кешені алдында мәреге жетеді. Жарысқа алдын-ала тіркелгендер ғана қатыса алады.
Бұл аталған бөлімнің үстіміздегі жылы ұйымдастырып отырған екінші ауқымды жарысы. Бұған дейін көктемде желаяқтар жарыс жолына шыққан болатын.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.