ПАВЛОДАР. 30 маусым. Екібастұзда волейбол және шағын футболдан «Шығыс» кенішінің тұңғыш директоры Владимир Аксиньинның құрметіне арналған турнир өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оған «Шығыс» кеніші, «Богатырь Көмір» ЖШС, Ақсу электрлік стансасы, «Майкубен Вест» ЖШС кеншілері қатысты. «Шығыс» кеніші – «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ (ЕЭК) Еуразиялық топтың құрамына кіреді. Еліміздегі электр энергиясының 17 пайызын, көмірдің 20 пайызын «ЕЭК» АҚ өндіреді. Ақсу электр стансасы да осы корпорацияға қарайды.
Турнирде шағын футболдан «Шығыс» кенішінің кеншілер құрамасы жеңімпаз атанып, кубокты иеленді. Екінші орынға Ақсу электр стансасы футболшылары шықты. Әрбір құрамада ең жақсы ойыншы анықталды. Бұл атақтар Жасұлан Досумовқа, Талғат Жұмабаевқа, Руслан Жағыпаровқа, Алдияр Гомаровқа берілді.
Волейбол жарысында «Шығыс» құрамасы, «Богатырь Комір» ойыншылары күміс медальдарға ие болды. Турнир соңында Александр Рожок, Виталий Чичерин, Станислав Жиляев, Алтынбек Белдеубаев үздік ойыншы атанды.
Фарида Бықай.
Дерек, сурет: egemen.kz