АСТАНА. 30 маусым. Алла Пугачева інісінің немересін қамқорлығына алып, оны ресми түрде рәсімдеп алды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.
Атақты әнші асырап алған 4 жасар Евгений – оның 2011 жылы дүние салған інісінің немересі.
Хабарламада баланың ата-анасының есірткіге тәуелді болғаны айтылған. Сондай-ақ, Евгенидің анасы Виктория Фадеева көлікті айдап әкеткені және тонаушылық жасағаны үшін екі рет сотталған. Бүгінде оның үлкен ұлы 17 жастағы Иван әжесінің тәрбиесінде. Өйткені, жеткіншектердің әкесі мен анасы ата-аналық құқықтарынан айырылған.
Айта кетейік, інісінің қазасынан кейін Алла Пугачева оның отбасына қолдау көрсетіп келеді.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».