• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2015

Жапон пойызында 50 жылда бірінші рет адам өлімі тіркелді (фото)

382 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 30 маусым. Токиодан Осакаға бет алған жолаушылар жүрдек пойызы жарты жолда жылдамдығын тежеп, тоқтауға мәжбүр болды. Оған себеп – алдыңғы вагонның бір жолаушысы туалетке кіріп, тұла бойына тез тұтанғыш сұйық шашып, өзіне-өзі от қойған. Бұл туралы ВВС хабарлады. Өзін өртеген адам сол жерде қаза тапқан. Ал ауыр күйік алып, тұншыққан сол вагондағы тағы бір жолаушы ауруханаға жетпей көз жұмды. Абырой болғанда вагон түтінге толған сәтте, бар жылдамдықпен келе жатқан 1000 жолаушысы бар жүрдек пойыз тоқтап үлгерген. Алғашқы тергеу қорытындысы – марқұм жолаушының бойжеткен екенін анықтады. Түтінге шашалған барлық жолаушыға дәрігерлік көмек көрсетілді. Жапонияда сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүйткитін мұндай жүрдек пойыздар бүкіл әлемдегі ең қауіпсіз көлік саналады. Өкінішке орай, елу жыл ішінде бұл пойызда бірінші рет адам өлімі тіркелді. Талғат Сүйінбай. Дерек: ВВС. Сурет: AP, Reuters.